Аққыстауда жаңа дәріхана ашылды

Исатай ауданының орталығында жаңа дәріхана ашылып, жұмысын бастады.

Күрежол бойындағы «Бегайдар» мейрамханасы ғимаратының ішінен ашылған дәріхана «Мулданиязова» жеке кәсіпкерлігінің иелігінде.

- Дәрі қоры жеткілікті әзірге. Тұрғындар көбіне аспирин, парацетамол, терафлю секілді қызу, бас ауру дәрілерін алып жатыр, - дейді дәріхана иесі Альфия Мулданиязова. Күрежол бойында орналасқандықтан, бұнда көбіне жолаушылар, өзге елдің азаматтары да аялдап, қажет дәрісін ала алады. Оларға ыңғайлы болу үшін терминал аппараты іске қосылған.

30dariqana-min

Яғни, кез келген тұтынушы карточка арқылы төлем жасай алады. Жаңа аппарат төлем қабылдаумен қатар, дәріхананың есебін жүргізуге де қолайлы екен.

Жұмысын енді ғана бастаған дәріханада алдағы уақытта тонометр креслосы да қойылмақшы. Яғни, осында келіп қан қысымыңызды тегін тексертіп ала аласыз. Бұл - әсіресе, жолаушыларға өте тиімді. Әзірге дәріханада кәсіп иесі Альфия Мулданиязова өзі қызмет етеді. Алға қарай бір адамды жұмыспен қамту да жоспарында бар көрінеді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521