Исатай ауданы орталығындағы «Qazaq eli», «Ардагерлер», «Жастар» саябақтарына қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен тарихын дәріптейтін құнды жәдігерлер бейнеленген мүсіндер орнатылды.
Сәулет нысандарына тапсырыс беруші - аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Жоба авторлары - ауданымыздың әкелі-балалы суретші-дизайнерлері Талғат, Аян Сәтмағамбетовтер.
Биік босаға мен ұлттық киім киген қазақтың жас өрендері бейнеленген «БОЛАШАҚ» шағын сәулет нысаны.
Ұлттық нақыштағы зергерлік-сәндік әшекей бұйымдары бейнеленген «БІЛЕЗІК КӨЗДІ ШОЛПЫ» шағын сәулет нысаны.
Ұлттық оюмен өрнектелген «ЕР ТҰРМАН» шағын сәулет нысаны.
Зұлмат заманның дүлей дауыл екпініне қарсы өмір үшін күресіп, алға батыл қадам басып келе жатқан қазақ ұлтының болашағы бейнесіндегі бала мүсіні бейнеленген «АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ» шағын сәулет нысаны.
Халқымыздың өткен тарих беттері бейнеленген кітапша формадағы және жазықсыз жазаланғалы тұрған қазақ қоғамының қайсар қайраткері мүсінделген «САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫ» шағын сәулет нысаны.
Әлем халқының атом зардабын жою жолындағы антиядролық қозғалысының күресін суреттейтін «ЧЕРНОБЫЛЬ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АТОМ ЗАРДАБЫ» шағын сәулет нысаны.
Ұлттық нақыштағы зергерлік-сәндік әшекей бұйымдары бейнеленген «БІЛЕЗІК, ЖҮЗІК, САҚИНА» шағын сәулет нысаны.
«ҚҰМЫРА» шағын сәулет нысаны.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ