Аққыстауда жаңа стоматологиялық қызмет көрсетіледі

Енді исатайлықтар заманауи үлгідегі технологиялық құралдармен жабдықталған стоматологиялық кабинетті пайдалана алады.

Аққыстау ауылының тұрғыны, тіс дәрігері Үзілдік Нұрланқызы өткен Жастар жылы аясында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттен қайтарымсыз 2 500 000 теңге грант ұтып алған. Өмірлік серігі Азамат Халелұлы да тіс дәрігері маманы. Бүгінде олар мемлекеттен алған қайтарымсыз грант ақшасын өздері жеке стамотологиялық кабинет ашуға жұмсап, кәсіптерін жолға қойды.

tis24-min

- Тіс дәрігері атанып халыққа қызмет көрсету менің бала күнгі арманым болатын. Кейін осы сала бойынша оқуымды аяқтаған соң, өзімнің жеке стоматологиялық клиникамды ашуды мақсат қылдым. 2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен қайтарымсыз 2 500 000 теңге грант ұтып, кәсібімді ашуға жұмыстандым. Қайтарымсыз гранттың қаржысы арқылы арнайы тапсырыспен заманауи үлгідегі цифрлық рентген аппараты, стоматологиялық кресло және басқа да тісті емдеу құрылғыларын алдырған болатынмын. Осылайша мемлекеттен берілген қайтарымсыз грант арқылы өз кәсібімді ашып отырмын. Бірақ, бұл жерде тек тісті емдеу қызметі көрсетілетін болады және 16 жастан жоғары ерексек адамдарды ғана қабылдайтын боламыз, - дейді тіс дәрігері Үзілдік Нұрланқызы.

Көп жылдан стоматология саласында еңбек еткен тіс емдеу мамандары енді сүйікті істерінің қызмет сапасын арттыруды ойлайды. Одан әрі өз алдарына жеке стоматологиялық клиникаға ғимарат салып алу да жоспарларында бар көрінеді.

Айта кетейік, «Дантист» стоматологиялық кабинеті Исатай аудандық емханасының екінші қабатында орналасқан.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521