Аққыстауда жол құрылысы басталды

Аққыстау ауылында көптен күткен ауылішілік автокөлік жол құрылыс жұмыстары басталды.

Аудан тұрғындарының наразылығын туғызған ауылішілік жол енді ретке келмек. Бұған дейін газетімізде жарияланғандай, мердігер компанияға мемлекет тарапынан қаржы уақытылы аударылмауы себепті жол құрылысы тұралап қалған еді. Енді ол мәселе де шешіліп, жұмыс басталып кетті.

7

- Жұмыстар өз ретімен жоспар бойынша Ынтымақ көшесінен бастап жүргізілуде. Халықтың да сұрауы сол. Бір жағынан бұл - ауыл ішіндегі ең ұзын көше. Жұмыс осылай кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады, - дейді Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Зиноллаев.

Ал, ауылдық округ мамандары әлеуметтік желі парақшалары арқылы халықты құрылыс аумағында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз