Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектепте "Абайтану" кабинеті ашылды.
10"А" сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі Раушан Басығараеваның ұйытқы болуымен ашылған кабинеттің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері және 10"А" сыныбының ата-аналары, мектеп ұстаздары қатысып, кабинеттің лентасын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарлыға Дүзбаева кесті.
Шәкірттерді ұлы ақын Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен жастық шағы және өскен ортасымен таныстыру мақсатында Нұрболат Қыдырғалиев Абай Құнанбайұлының өмірін таныстырса, Самал Қуанышева ақын шығармашылығын таныстырды. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу мақсатында Орынгүл Қуанышкереева, Нұрай Жандолова, Гүлай Атиғоллаева Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Оқушылар Абай Құнанбайұлының шығармасы "Желсіз түнде жарық ай" әнін хормен орындады. Шара соңында мектеп директоры Қамбар Жалекеев және білім бөлімінен келген мамандар сөз сөйледі.
Абай атындағы орта мектептің 10 "А" сыныбы ата-аналары