Аққыстаудағы турнирде Жылыой жамағаты жеңімпаз атанды

Исатай ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына арналған волейболдан мешіт жамағаттары арасында облыстық турнир өтті.

Жарыста Атырау қаласынан және облысымызға қарасты аудандардың мешіттерінен құралған барлығы тоғыз команда бақ сынады.

din260220

Турнирдің ашылу салтанатында облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы сөз сөйледі. «Ислам – адамды жан-жақтылыққа тәрбиелейтін дін. Ол құлшылықпен ғана шектелмейді. Ислам бірлік, ынтымақ, бауырмалдылықты арттыруды дәріптейді. Бұл ретте спорт достық қарым-қатынасты жалғастырудың үлкен тетігі бола алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі әлсіз мұсылманнан қуатты мұсылманның абзалырақ екендігін айтқан. Мұсылмандар неғұрлым спортпен айналысып, күшті болған сайын, соғұрлым ақыл-ойы, санасы дұрыс болады. Дұрыс ойлаған адамның өмір жолы қашан да ашық болады.

din26

Біздің мақсатымыз – жат ағымның алдын алуда жастар арасындағы бірлікті нығайту» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы. Сондай-ақ ол ҚМДБ-ның 30 жылдық мерекесі аясында жоспарланған іс-шаралардың біздің ауданымыздан бастау алып отырғанын атады. - Бұл шарамызды елімізді, жерімізді, дінімізді қорғаған Исатай бабамыздың атымен аталатын қасиетті жерден бастағалы отырмыз. Ендеше, Алла Тағала баршаңызға сәттілікті серік етсін, - деп түйіндеді ойын облыстың бас имамы.

din260221

Одан соң сөз кезегін алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов жарысқа жиылған жамағатты асыл дініміздің Қазақстандағы қарашаңырағы атанған ҚМДБ-ның 30 жылдық мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Басқа да қонақтар тілектерін арнаған соң, волейболшылар бәсекесі басталды. Барлық аудандар мен облыс орталығынан жиылған командалардың осықалайы жоқ, шетінен "сен тұр, мен атайындар".

Екі күнге созылған турнир нәтижесінде жұбаныш сыйлығын алған индерліктер мен үшінші орын еншілеген Құрманғазы ауданы командасы 50 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орын мен оған тігілген 100 мың теңгелік жүлдеге облыстық Иманғали мешітінің жамағаты қол жеткізді. Ал, қарсылас шақ келтірмеген Жылыой ауданының намазхандары жарыс жеңімпазы атанды. Жеңімпаздарға арнайы кубокпен қоса 200 мың теңге ұсынылды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521