Аққыстаудан қашанға дейін шығып кету керек?

Карантин жағдайында басқа жақтағы адамдармен тығыз қарым-қатынасты болдырмау және шектеу мақсатында ауылдық округ аумағында карантин жарияланғанға дейін, яғни 26 маусым сағат 23.00-ге дейін Аққыстау ауылы аумағынан шығып кетуге немесе шет жерде жүргендерге ауыл аумағына кіруге рұқсат бар.

Одан әрі эпидемиялогиялық ахуалды қалыпта ұстау және төніп отырған қауіпті төмендету мақсатында алыс-жақынмен араласуға рұқсат жоқ.

Сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алушараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер - 3, 7, 40, 100 күндік садақалар, 1 жыл еске алу каделерін), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521