Аққыстауға су жаңа жылжымалы медициналық кешен келді

Аймақ басшысы М.Досмұхамбетов облысымызға келген 5 жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың кілтін аудандық емдеу мекемесі басшыларына табыстаған болатын.

Мобильді диагностикалық медициналық кешен Индер, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарымен қоса біздің Исатай ауданына да табысталды. Бұған дейін жылжымалы зертхана Жылыой және Құрманғазы аудандарына жеткізілген екен. Осылайша, облыстың жеті ауданы бірдей мобильді диагностикалық медициналық кешенмен қамтылып отыр.

2

Бұл аудандық аурухана ұжымы үшін де үлкен қуанышты жаңалық. Исатайлық ақ халаттылар медициналық зертхананы салтанатты жағдайда ашып, жылжымалы медициналық кешеннің лентасын қиған емхана директоры Сәулебай Байжанов бізге орталықтың қызметімен таныстырды.

20dia-min

20ces-min

Оның айтуынша, медициналық кешен барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Білгеніміздей, медициналық кешен арқылы аудан тұрғындарының созылмалы инфекциялық емес ауруларын ерте анықтауға болады. Көптеген қажетті профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында азаматтардың денсаулық жағдайын тереңдетіп тексеру үшін көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кешен арнайы лифт-пандуспен жабдықталған және онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеке кіру есігі қарастырылған, - деді емхана басшысы.

 20med-min

Медициналық кешеннің ерекшелігі - бір күнде 150 адам терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, оториноларинголог, окулист, ультрадыбыстық зерттеу және рентген мамандарының қызметіне жүгіне алады екен. Мамандардың айтуынша, кешеннің көмегімен алпыстан астам ауруға диагноз қоюға мүмкіндік бар.

 2

Айта кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алған 100 бірлік жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың бесеуі Атырау облысына бөлініп отыр. Алынған 100 кешенге 15 миллиард 600 жүз 70 миллион теңге бөлінген. Бұл әр автокөліктің құны 156 миллион 700 мың теңгені құрайды деген сөз.

20diag-min

Кешенді алыс ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін жылжымалы шағын емхана десе де болады. Бірақ, күрежол жөнделмей, ауылдарға қатынау оңай болмасы белгілі. Ендеше жылжымалы медициналық кешеннің қызметін көру үшін қолға алынған жол құрылысының аяқталуын күте тұрмасқа лаж жоқ.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT