Аққыстаулық 12 оқушыға 40 мың теңгелік сертификат табысталды

Исатай аудандық әкімдігінде «Мектепке жол» акциясы аясында 12 оқушыға 40 мың теңгелік сертификат табысталды.

Сертификаттарды табыстау сәтінде аудан әкімі П.Хасанов акцияның мақсатын түсіндіріп, аталған қайырымдылық шарасына мүмкіндігі бар азаматтарымыз үлес қосса деген тілегін жеткізді.

4d1e46b3-3840-4359-91ec-c941c0eda1b4

- Бұндай шараларға мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы қаралмайтыны белгілі. Әйтсе де, әр оқушының отбасылық жағдайына қарамастан, алаңсыз білім алуы үшін әріптестеріме ұсыныс қылып, бәріміз жекелей қаржымыздан  аз да болса демеушілік қылуды ұйғардық, - деген аудан басшысы өзі бастап екі оқушыға 40 мың теңгелік сертификат тапсырды.

9ac9c473-1463-448f-b740-bc58edc7dd88

Одан соң аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан мен бір топ дербес бөлім басшылары балаларға осы сомада қаржылай көмектерін ұсынды.

Айта кетейік, оқушылар 40 мың теңгелік сертификаттың 10 мыңына «Аққыстау кеңсе тауарлары» дүкенінен оқу құралдарын, 30 мың теңгесіне «Бәрі бар» аралас дүкенінен киім-кешектер ала алады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT