Аққыстаулық Әмина «Балапан жұлдыз» атанды

Исатай ауданында 5-6 және 7-10 жас аралығындағы балалар арасында аудандық «Балапан жұлдыз-2020» ән байқауы өткізілді.

«Жалын» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен ән байқауының алғашқы кезеңінде патриоттық, екінші бөлімде еркін тақырыптағы әндер шырқалды.

Байқау көпшілікке «Жалын» мәдениет үйінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы ұсынылды.

4f616f80-f8e3-4a46-ae19-a664009ca366 

Байқау нәтижесінде бас жүлде Әмина Қожабергенге бұйырды. Ал, 5-6 жас аралығында 1 орын Аякөз Еркінғали, 2 орын Дильнара Дәулетқызы, 3 орын Шаттық Лұқпан иеленді. 7-10 жас аралығындағы балғын өнерпаздар арасынан 1 орын Темірлан Еркінге, 2 орын Қарақат Темірге, 3 орын Нұрәлі Сағынәліге ұсынылды.

Көрермендер көзайымы номинациясын Айзере Нұрғуат, Эльнара Қадірхан иеленді. Жеңімпаз, жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз