Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен халық музыкасын, сөз өнерін дәріптеу мақсатында "Мұрагер" өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық "Жас Жұлдыз" конкурсы өткен болатын.
Аталған өнер бәйгесіне Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебі оқушылары қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде аспапта ойнау жанры бойынша Зоя Атоллақызының шәкірті Қуанышкерей Ақнұр бас жүлде иеленіп, ауданымыздың абыройын асырды.
Сондай-ақ, "Дәстүрлі ән" бағыты бойынша Әсем Жолдасқызының шәкірті Рахметолла Айкөркем І орынға қол жеткізсе, аспапта орындауда Салтанат Өтеуқызының шәкірттері Қайырболат Серәлі екінші, Нариманқызы Айкөркем, Құрмет Ақжол, Бердібекқызы Ару ІІІ орындарға қол жеткізді. Лауреат оқушылар дипломдармен, ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.
Альбина МИДАР,
Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің мұғалімі