Орал қаласында баскетболдан 7-8 сынып қыздары арасында "Алтын доп" ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті.
Аталмыш жарысқа Аққыстау орта мектебінің қыздар командасы қатысқан болатын.
"Команда алғаш жеңісті жолдарын мектепшілік,аудандық,облыстық кезеңдерден бастап, республикалық лигаға қатынасу мүмкіндігіне ие болған еді. Республикалық жарыстың алғашқы топтық кезеңдерінде Ақтөбе, Қызылорда облысы қыздар командаларынан басым түсіп финалдық ойынға жолдама алды" дейді команда бапкері "Барыс" балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының баскетбол бөлімінің жаттықтырушысы Ерлан Құрманғалиев.
Баскетболшыларымыз финалдық ойында Түркістан командасын ұтып, ақтық сында Павлодар командасына 17:15 есебімен жол беріп, жарыс қорытындысы бойынша 2 орынға ие болды.
Айта кетейік, бұл Атырау облысының ұлттық мектеп лига тарихындағы ең алғашқы жетістігі болып саналады.
Жарыстың «Үздік ойыншысы» Халида Меңдібайқызы және жеңіпаз дайындағаны үшін жаттықтырушы Ерлан Құрманғалиев «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасы алғыс хатымен марапатталды.
Спортшыларымызды Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева, "Барыс" балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры Асхат Жұмабеков пен бір топ ұстаздар, ата-аналар құрметпен қарсылап алды. Жаттықтырушылары Ерлан Құрманғалиев, Эльдар Тағатов.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ