Аққыстаулық Гаухар университеттің оқу грантына ие болды

Атырау қаласында пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп, оған Исатай ауданы бойынша 28 оқушы қатысқан болатын.

Аталған білім додасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бақ сынаған Аққыстау орта мектебінің 11 сынып оқушысы Шайхы Гауһар Елубайқызы жүлделі І орынға ие болып, олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды. Оған қоса Гауһарға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқу гранты табысталды. Гаухардың ұстазы – Аққыстау орта мектебінің мұғалімі Мәншүк Аяпбергенқызы.

Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық олимпиада қорытындысымен Исатай аудандық Білім бөлімі командасы жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

Гауһарға алда болатын республикалық кезеңнен жеңіспен оралуын тілейміз.

Айта кетейік, ауданымыздың 11 оқушысы облыстық олимпиадада жүлдегерлер қатарынан көрінді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз