Аққыстаулық параспортшы, қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ел, Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Медет Сұпығалиев үйден дауыс берді.
- Саяси науқан болады дегелі додаға тіркелген бес партияның үздіксіз жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына куә болдық. Бәрінің ел игілігі үшін алға қоған мақсаттары бар. Осындай сәтте әр отандасымыз ел ертеңіне немқұрайлылық танытпай, өз таңдауларын жасаулары тиіс. Мен де қалаған партияма өз дауысымды бердім. Ол үшін үйге келіп, жағдай жасаған 133 сайлау учаскесінің өкілдеріне алғысымды айтамын. Ел сенімін арқалаған азаматтарға шыншылдық пен ынтымақ-бірлік тілеймін, - дейді Азия жүлдегері.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ