Аққыстаулық жас боксшы ел чемпионатынан жүлдегер атанды

Жамбыл облысы, Шу қаласында бокстан кіші жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында исатайлық жас боксшы сынға түсті.

Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, аққыстаулық Алмас Хинекин 2006 жылы туған жасөспірімдер арасында 34 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Нәтижесінде үшінші орынға қол жеткізіп, қола медальды қанжығалады. Жас боксшының бапкері - Исатай БЖСМ бокс бөлімінің жаттықтырушысы Аманғали Өтегенов.

Айта кетейік, бұл ҚР чемпионатына Атырау облысынан 6 боксшы катысып, 2 спортшы үшінші, 1 спортшы екінші орындарды иеленді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз