Аққыстаулық жас домбырашылар республикалық байқаудан топ жарды

"Talantty jastar" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан республикалық өнер - білім байқауы өтті.

Оған Аққыстау ауылындағы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінен Алия Кәйімқызының оқушылары "аспаптық орындау" аталымы бойынша қатысты. Бұл туралы өнер мектебінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Жарыс нәтижесінде Тілектесқызы Раушан мен Ізбасар Гүлназым І орын, Ержанқызы Мөлдір,Еркебұлан Нұрсая және "домбырашылар" ансамблі (Айжарық Ақнұр, Мұратбекұлы Айдын, Нұрлыбек Анель, Ержанқызы Мөлдір, Ізғали Айдос) бас жүлдеге ие болды. Лауреат дайындағаны үшін Алия Кәйімқызы "Үздік жетекші" дипломымен және кәсіби ұстаз шеберлігін насихаттап көрсеткені үшін арнайы сертификатпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521