Аққыстаулықтар ауылдың карантинге жабылғанын білмей ме?

Аққыстау ауылының бүгіннен, яғни, 26-маусымнан бастап бір аптаға карантинге жабылғанын тұрғындардың дені білмейтін сықылды.

Оған аудандық мониторингтік топпен бірге аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандарын аралау барысында көз жеткіздік. Айта кетсек, 26 маусымға қараған түннен бастап аудандық мемлекеттік бас санитардың Қаулысына сәйкес Аққыстау ауылы аумағында карантин жарияланған болатын. Карантин талаптарына сай азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа сауда орындары жұмыстарын тоқтатуға міндетті. Бірақ, біз көптеген сауда нүктелерінің жайбарақат жұмыс жасап жатқанына куә болдық. Атап айтсақ, Қаулыдан хабарсыз киім, мата, қажетті тауарлар дүкендері, асхана, көлік жөндеу орындары, шаштараз, телефон жөндеу, т.б. қызмет көрсету нысандары иелеріне аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы Айзада Қуандықова, Аққыстау ауылының учаскелік полициясы Абылай Жұмағазиевтерден құралған топ ауызша ескерту беріп, кәсіп иелерін карантин талаптарын сақтауға шақырды.

26apteca

Байқағанымыз, көпшілік кәсіпкерлер ауылдың карантинге жабылуына әлі бір күн бар деп шатасып жүр екен. Мониторингтік топ оларды Қаулымен таныстырып, бұдан былай бұндай олқылықтарды болдырмауды ескертті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521