"Арайлы алтын күз"

Х.Ерғалиев ауылындағы "Аққу" бөбекжай-бақшасында бүлдіршіндермен күз мерекесіне орай "Арайлы алтын күз" атты ертеңгілік өтті.

Шара мақсаты - балалардың күз туралы білімін кеңейту, күз мезгілінің ерекшелігімен таныстырып, күз молшылығы туралы түсініктер беру. Күз молшылық, күз байлық, күз қуаныш, күз шаттық деп басталып көңілді әндер шырқалып, күз туралы өлең жолдарын жатқа айтып, белсенді қатысты.

Ата-аналармен бірлесіп жасалған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып тамашаланды. Берілген тапсырма бойынша аналармен бірлесе отырып, бүлдіршіндер күз сыйы деп жеміс-жидектерінен дайындалған дәмдерін ұсынды."Балапан" кіші тобы мен "Күншуақ" ортаңғы тобының тәрбиеші апайлары дайындаған күз айларын кейіпкер ретінде ортаға шақыртып, бүлдіршіндерге "Жапырақтарды жинайық" атты қозғалыс ойындарын музыка әуенімен, түрлі сұрақтар қою арқылы жауаптарын айтқызып ойнатты.

Ертеңгілікке қатысқан ата-аналарда балабақша ұжымына алғыс тілектерін айтты. Ертеңгілік соңында қорытындылау бөлімінде бүлдіршіндер де марапатталып тамаша көңіл-күйде болды.

Алтынгул ҰЗАҚБАЙҚЫЗЫ,

“Аққу” бөбекжай-бақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521