Ардагерлер арасында волейболдан жарыс өтті

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарыл-ғанына 35 жыл толуына орай жасақталған аудан әкімдігінің іс-шара жоспарына сәйкес аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында волейболдан облыстық турнир өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты –ауған соғысының ардагерлері-не құрмет көрсету, олардың жат елде Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеу кезіндегі ерлік жолдарын дәріптеу және жанқиярлық ерліктерін үлгі тұту, сондай-ақ, бұқаралық спортты және де облыс ардагерлері арасында волейбол ойынын дамыту.

Облыстық турнирге 5 құрама қатысты. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Н.Мусин қатысушы құрамаларға сәттілік тіледі.

Волейболдан ардагерлер арасындағы облыстық ашық біріншілікке қатысқан өзге «Махамбет», «Құрманғазы», «Мақат» аудан командалары болса, біздің аудан бойынша «Исатай» ауданы, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ құрамасы мен «Тұщықұдық» командалары белсенділік ерекше танытты.

Спортшылар жеребе бойынша топ-топқа бөлініп, жарысты әп дегеннен тартысты ойынмен бастап кетті. Командалар ойын кезінде шеберліктерімен көріне білді. Ойын өте қызу өтті. Жанкүйерлер де ойын барысында айқайға «алға» қосып, өз командаларды жігерлендіріп отырды. Барлық ойыншылар бір сәт бой сергітіп, спорттың денсаулыққа берер пайдасының зор екенін дәлелдегендей еді. Салауатты өмір салтын қолдап, әрдайым спорттық шараларда белсенділік танытатын ардагерлер де бұл жолы үздік ойын көрсетіп, жастарға да үлгі болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды Исатай ауданы құрамасы иеленсе, Махамбет ауданының ардагерлері ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал турнирде жеңіске жеткен Құрманғазы құрамасы үздік ойынымен жеңімпаз болып танылды. Жарыста үздік деп танылған ойыншылар мен командаларға кубок пен медальдар табыс етілді.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521