Армрестлингтен ел чемпиондары біздің ауданнан

Алматы облысы, Талғар каласында параармрестлингден ҚР-ның чемпионаты өтті. Аталмыш додаға еліміздің барлық облысынан яки Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан спортшылар белсене қатысты. Байрақты бәсекеде Атырау облысы құрамасының сапында өнер көрсеткен аудан спортшылары тағы бір мәрте абыройды асқақтатты.

Жүзден жүйрік болып, алға суырылып шыққан спортшыларымыз Асылан Қайрошев алтын медаль,Медет Супыгалиев күміс медаль, Әсия Набиева қола медаль иеленді. 
Исатай ауданы мумкіндігі шектеулі споршылар аға жаттықтырушысы Роллан Қадіржанов бізге қуанышын жеткізіп, аталған спорт түрімен айналысуға болатыны сөз арасында атап өтті.

-Адам баласының сүйегі 3-ке бөлінеді. Жіңішке, орта және жалпақ сүйек. Жіңішке сүйек армрестлингке жарамайды. Қанша дайындалса да  жеңіске жете алмайсың, Тіпті, сынып кетеді. Ал,қазақтың сүйегі орташамен жалпақ болып келеді.Бұл нағыз қолкүресіне арналған.Армрестлингмен айналысқан адамда табиғи күште болуы тиыс. Ол да қазақтың бойына біткен қасиет. Армрестлинг - қарапайым әрі бұқаралық спорт түріне жатады. Жарыс өткізсең шығыны аз, дайындалсаң шымыр болып шығасың,сөздің шыны. Мүмкіндік болса осы қолкүрес түрінен айналысқысы келетін тірек қимыл,құлақ естуінде,көзден группасы бар жандарды спорттың осы түрімен кәсіби түрде айналысуға шақырамын. Әрі спортта олимпиадалық және олимпиадалық емес деген дәрежелер бар. Сондықтан жанкүйерлеріміз, қазақ халқы оған қарамастан, әр спорт түрінен алынған медальға қуануы керек, қолдауы керек. Өйткені олимпиадалық болсын, олимпиадалық емес сайыстар болсын, ол жерде Қазақстанның туын көтеріп, Әнұранын шырқатып жүрген спортшыларымыздың еңбегі мен ерлігі лайық бағалануы керек. Әрине, олимпиадалық спорт түрі болып саналады. Бірақ, олимпиадалық емес спорт түрінде де азаматтарымыз қазақ елінің атын шығарып, қазақтың қандай қайсар мықты жігіттері,қыздары да барын көрсетіп жүр,- деді ол.

Аталған спорт түрінен талай жүлделі оралып жүрген жерлесіміз Асылан Қайрошев бізбен болған әңгімесінде:

-Мен осы Параармрестлинг спортымен  2020 жылдан бері айналысып келе жатырмын.Әр додада, сәттілік серігім болып, жүлделі ораламын. 2021 жылы Алматы каласында өткен ҚР чемпионатынан II орын, Азия чемпионатынан I орын. 2022 жылы Алматы каласында өткен ҚР чемпионатынан I орын. Осы жылы да ҚРЧ I орынды еншіледім.Жалпы айта берсек, жетістіктер көп.Қысқаша ғана тоқтала өткенім.Алға қарай, мақсат көп.Тек соған жетуге талпынамын!- деп қуанышымен бөлісті.

                                                                                                          Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521