5 желтоқсан - Халықаралық волонтер күніне орай Атырау облысында «Волонтер премиясы - 2024» марапаттау іс-шарасы өтті.
Бұл мерекелік кеште әртүрлі бағыттар бойынша үздіктер анықталды. Атап айтсақ:
«BIRGEMIZ: Bilim»,
«BIRGEMIZ: Saulyq»,
«BIRGEMIZ: Sabaqtastyq»,
«BIRGEMIZ: Asyl mura»,
«BIRGEMIZ: Ayala»,
«BIRGEMIZ: Taza alem»,
«BIRGEMIZ: Umit»,
«BIRGEMIZ: Qamqor»,
«Үздік медиа волонтер»,
«Үздік корпоративтік көшбасшы»,
«Үздік тәлімгер»,
«Үздік волонтерлік ұйым»,
«Үздік жыл волонтері» номинациялары бойынша жыл үздіктеріне марапаттар табысталды.
Олардың қатарында Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Смайлов Арсен 2024 жылы “Ecovolunteer” еріктілер клубын құрып, аудан төңірегінде түрлі қайырымдылық акцияларына атсалысып жүр.Мәселен, жалғызбасты қарттардың үй-жайын, ауласын тазалауға еріктілер бір кісідей атсалысып жүр.Сондай-ақ, өңірімізге үлкен қауіп төндірген тілсіз жау, тасқын суы кезіндеде біздің аудан тұрғындары бей-жай қалған жоқ.Күні-түні қарты да, жасы да кезекшілікке тұрып, балл соқты.Айтпағым, олардын қатарында да осы аталған еріктілер жасағы ұйымшылдықпен бөгет соғуға да, қыздар жағы ыссы тамақ пісіріп әкелумен көмек қолын созған.
Міне, жаста болса қоғамға өз пайдаларын тигізіп жүрген еріктілерді басын қосып, клуб құрған жас маманның да еңбегі елеулі болса керек. Осы орайда, Атырау облысының волонтерлік қозғалысына қосқан елеулі үлесі үшін «Birgemiz:Qamqor» номинациясы бойынша Арсен Смайлов үздік деп танылды.
- Аудан оқушыларынан құралған “Ecovolunteer” еріктілер клубы құрамында 40 жуық оқушы бар. Еріктілеріміз 2024 жылы түрлі бағыттарда қайырымдылық акцияларын жасап үлгерген болатын, соның ішінде ауданымыздағы жалғыз басты қария - қарттарымызға үй жағдайында тазалық жұмыстарын жүргізуге көмектерін тигізді. Бұдан бөлек алдағы келер жылда көптеген бағыттарда ееріктілер жасағымен жұмыстанып, тағыда 2 еріктілер ұйымын ашуға жоспарда бар,- дейді орталық маманы Арсен Смайлов.
Ендеше, жаста болса бас болып кейінгі толқын буындарға үлгі болып жүрген жастарды жеңісімен құттықтаймыз.
Сағыныш ҚАЙЫР