Арслан Амиров «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» атты республикалық байқауының жеңімпазы

Арслан Қибатоллаұлы Амиров  Қазақстан Республикасы «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» атты республикалық байқауының І дәрежелі Дипломымен марапатталып, төсбелгісін кеудесіне қадап оралды деп хабарлайды "Naryn tany" газеті.

1990 жылғы Аққыстау орта мектебі түлектерінің бірі Арслан Қибатоллаұлы Амиров келер жылы Семей мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» факультетіне оқуға түсті де оны 1996 жылы «инженер-механик» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Алғашқы еңбек жолын мектептен соң аудандық өкпе аурулары ауруханасында слесарь-сантехник болудан бастаған ол жоғары білім алғаннан бергі жылдар көшінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп оралды, аудан әкімі аппаратында бас маман, аудан әкімінің көмекшісі, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің, аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болды, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне де басшылық етті.

Еткен еңбек, төккен тері үшін түрлі деңгейдегі Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын, соның ішінде Исатай ауданының Құрмет грамотасын, сондай-ақ, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» төсбелгісін иеленген ол бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы – Исатай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы. Енді міне, өз ісіне адал, өз саласының білікті маманы Арслан Қибатоллаұлы жуырда және бір марапат иеленіп, мерейі үстеуде.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521