Арыстық ағайындарға «Зинеден Құрасұлы» мешітінде де көмек жиналуда

Адамды жаратқан ұлық Алла оған әр кезеңдерде өзі көтере алатындай мөлшерде сынақтар жіберіп отырады.

Ол зілзала немесе нөсер жауын болуы мүмкін, тіпті соғыс болуы да ғажап емес. Арыс қаласында орын алған қару-жарақ жарылысы қазіргі кезде тұтас Қазақстан халқын қамықтырып, қабырғасын қайыстыруда. Оқиға кезінде қаза болған бауырларымызға иман байлығын беруді тілеп, бүгінде жер-жерлердегі мешіттерде дұға оқылып жатыр. Осындай күрделі шақтарда мұсылман қауым бірлесіп, дұға жасап, Алладан сабыр сұрауы керек. Еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы - ең басты байлығымыз. Біз Арыс халқымен біргеміз және олардың қайғысына ортақпыз. Алла Тағала елімізді тыныштықта сақтағай.

Осы оқиғаға байланысты аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінде жергілікті «Аққыстау иман жастары» бірлестігінің ұйымдастыруымен арыстық ағайындарға қажетті заттарды жинау қосыны өз жұмысын бастады. Заттай, қаржылай көмек қолын созам деген азаматтар аудандық мешітке келулеріне болады. Барлық жиналған дүниелер облыстық «Иманғали» мешіті арқылы арнайы қорға аударылып, тиісті жеріне жеткізілетін болады.

Бейбіт Ағыбаев,

аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінің бас имамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521