Қарыздың жүгі жеңіл емес

Ойлап отырсақ, қарыз дегеніңіз біреуден алған ақша не мүлік қана емес, біреуге айтқан жылы сөзің де – қарыз, кейде өтеуін тосасың.

Бір данышпаннан қалған «қарыздың азы борышты қылады, көбі жеккөрінішті қылады» деген де сөз бар екен. «Ия, Алла, маған қолымнан келетін істі атқаратын қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен ажырата алатын ақыл бер» депті тағы бір ойшыл. Ал, сіз кімге қарыздар едіңіз? Қарыз алып, оны мезгілінде қайтара білесіз бе? Жо-жоқ, қарыз жоғарыда айтқандай, жалғыз ақша алуда ғана емес, ең үлкен қарыздың бірі уәде мен сенім деп білемін. Біреуге уәде – қарызды іс. Берген уәдеңді уақытында орындамасаң сенімнен айрыласың, қадірің қашады, қадірің қашса, азаматтық бейнеңе нұқсан келеді. Көп алдында бетіңе шіркеу болады.

Қарыздың жөні көп дедік, сен әке-шешеңнен өзіңе деген ғұмырды, тәлім-тәрбиені, бойыңа дарыған қуат пен парасатты, дарқандықты қарызға аласың. Қарыздылығың сол, осы ізгі қасиеттерді шашау шығармай, бауырыңнан өрбіген ұрпағыңа беруге тиістісің. Адамдар арасындағы ең үлкен қарыз ол – баланың өз ата-анасы алдындағы борышы, яғни, әлгі айтылған қарызын қайтаруы. Бар махаббатын, мейірін баласына мейлінше төккен әке-шеше қартайып, бойынан әл кеткенде өсірген перзентінің оларға қабақ түюі, көз жасына қарамай жылатуы – қарызын қайтармағандығы, парызын орындамауы. Ал, қарызын қайтара алғанның тірлігі берекелі болып, жүрегі жай табады, өмірдің қуанышына кенеледі дегенді бұрынғылар да айтып отыратыны ойыма оралады.

Иә, қарыздың қай-қайсысының да жүгі жеңіл емес екен. Осыны ойға ала жүрсек қандай ғанибет.

Мейрамбай ТӘЖІБАЙҰЛЫ,

зейнеткер Х.Ерғалиев ауылы

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика