«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

Жуырда аудандық полиция бөлімшесінде қоғамға қайта қалыптастырудағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудандық пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді.

Шараның мақсаты – сотталған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар, қайтарымсыз гранттарды рәсімдеу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат беру. Сонымен қатар жиынға аудан прокурорының көмекшісі Жандос Қайдаров, аудандық жұмыспен қамту орталығының  басшысы Гүлжан Жумалиева, аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Сейтжан Бегисинов, аудандық полиция бөлімі бастығының 1-ші орынбасары Бейбітжан Айжарықов қатысты.Жиынға аудандық пробация кызметі тобының есебінде тұрған тұлғалардың барлығы қатысып, мекеме басшыларымен көзбе-көз сөйлесіп, сұрақтарын қойып, көкейлерінде жүрген ой-пікірімен бөлісті. Тіпті қоғамдық шараларға белсенді түрде араласса, бекітілген мерзімінен бұрын босатылатыны қаперге салынды.

- Айта кетейік, а у д а н көлемінде пробация қызметін алушылар саны бүгінгі таңда 42-ге жуық. Бұл көп болмаса да, аз көрсеткіш емес. Пробация қызметінде тұрған азаматтар біздің жіті бақылауымызда болғандықтан, ешқандай ескертусіз, рұқсатсыз жергілікті мекеннен, аудан немесе қалаға шыға алмайды. Олар үнемі тұрғылықты мекенжайда болуы шарт және ай сайын тіркелуге келуі керек. Қалада тығыз жұмыстары болған жағдайда, талон және фотоесеппен шығуы маңызды, - дейді аудандық пробация қызметі тобының инспекторы, әділет лейтенанты Тәттігүл Адиева.

 


Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521