Астана ардагерлері «Бәйтерек» алаңына жиналып, Әнұран орындады

Астана қаласында елордалық «Ардагерлер ұйымы», «Ақ кимешек – киелім» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ардагерлері, сол сияқты ақжаулықты аналарымыз жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, патриоттық челленджді жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика күні араға көп жылдар салып халқымызға қайта оралған маңызды мерекелердің бірі де бірегейі.

Ұлттық мереке қарсаңында елорда төрінде жұрт сүйсінерлік іс-шара өтті. Тәуелсіздікті ту еткен ақжаулықты аналарымыз, даналықтың бастауы – ардагер ата-әжелеріміз «Бәйтерек» монументі алаңына жиналып, ҚР Мемлекеттік әнұранын әуелете шырқады. Ашық аспан астында тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жалынды, жігерлі үнмен жеткізе отырып, халқымызды Республика күнімен құттықтады.

Іс-шара соңы «Ақ кимешек – киелім» аналарының төрайымы, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызының ақ тілегімен түйінделді.

Айта кетейік, Астана қаласында Республика мерекесіне орай патриоттық челлендж басталған болатын.

 

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика