Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бүгін, 6 тамызда Нэшвиллде (АҚШ) өткен UFC турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев америкалық Оде Осборнмен кездесті.

Жекпе-жек екі раундқа созылды, Алмабаев тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті. Бүгінгі жекпе-жек – Алмабаевтың UFC-дегі дебюті. Бұл жетістік Алмабаевқа ММА-дағы жеңісті сериясын ұзартуға мүмкіндік берді, ол қазірге дейін 14 рет жеңген. Қазақстандық спортшы кейінгі рет 2017 жылы ұтылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521