Асу Алмабаев UFC-дегі сәтті дебютінен кейін Қазақстанға оралды

Қазақстандық ММА файтері Асу Алмабаев UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстанға оралды. Отандастар оны Алматы әуежайында құшақ жая қарсы алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұшақ Алматыға АҚШ-тан түнгі рейспен келген. Күту залында оны жанкүйерлері, әріптестері, достары мен жақындары ерекше дайындықпен қарсы алды. Еске сала кетейік, Алмабаевтың әлемдік промоушендегі дебюті Нэшвиллдегі (АҚШ) UFC on ESPN 50 турнирінде өткен болатын. Қазақстандық файтер америкалық Оде Осборнды толық жеңді. Екінші раундта Алмабаев тұншықтыру әдісін қолданған кезде қарсыласы берілген еді. UFC-дегі дебюті үшін Асу Алмабаев 78 мың доллар табыс тапты, оның ішінде "Кештің үздік өнері" үшін берілген бонусы да бар. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT