Қазақстандық аралас жекпе-жек балуаны Асу Алмабаев UFC-дегі жарқын дебютінен кейін Fightmatrix сайтының нұсқасы бойынша аса жеңіл салмақтағы 20 үздік балуанның қатарына енді.
Ямайкалық балуан Одди Осборнға қарсы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жеткен Асу рейтингте 19-орынға көтерілді.
29 жастағы қазақстандық балуан Расул Әлбасхановты (ACA), Мансұр Малачиевті (ONE), Бруно Сильваны (UFC), Имран Букуевті (ACA), Мета Шнельді және Стив Ерцегті (екеуі де UFC) басып озды.
Үздіктер рейтингінде үш UFC балуаны — Мұхаммад Мокаев, Коди Дурден және Тагир Ұланбеков одан басым түсіп отыр. Оның салмағына сәйкес балуандар арасында бірінші орынға шілде айында Брэндон Мореноны жеңген аралас жекпе-жек балуаны Алешандре Пантожа жайғасқан.
Ал Брэндонға екінші орын бұйырды. Бұған дейін Алмабаевтың Fightmatrix рейтингіндегі ең жоғары позициясы 26-орын болатын, ол бұл көрсеткішке 2022 жылдың қаңтарында ие болған. Еске салайық, Зульфикараның дебюттік жекпе-жегі 6 тамызда Нэшвиллде UFC on ESPN 50-де өткен еді. Қазақстандық қарсыласын екінші раундта-ақ жеңген болатын.