Аталарымыз ақылдырақ болған ба?

Бір есептен, «көрісу» – ұлттық жауһарларды жаңғырту. Мұны: «Көктемде табиғат қана емес, адам да құлпыра түседі. «Ағаш көркі – жапырақ» болса, «адам көркі – шүберек». Күн жылып, жер аяғы кеңігенде қыз-келіншектер сандықтан ең тәуір киімдерін алып шыққан.

Тіпті, қыс мезгілі жылы үйде отырып, көйлек-шапан пішіп, кес- те тігуге мүмкіндік туатын кез емес пе? Бұл электр шамы күні-түні жарқыраған жаңа заманда үй шаруасындағы әйелдерге таптырмас ермек болар еді. Қазақ «көрісуге» көз тартар киімдерін киіп барған. Ендеше, аталған амал ұлттық өнердің дамуына да септігін тигізіп, елдің эстетикалық талғамын қалыптастырған. Осы жақсы дәстүр батыс аймақтарында тамаша сақталғанын айта кету керек. Мәселен, Маңғыстау облысында жаңа түскен келін бір ай немесе бір жылдай көйлек пен камзол киіп, басына ақ орамал тағып жүреді» деп шегіп айтылып жүрген пікірлер де нақтылай түседі деуге келеді.

Бүгінде кей ағайындар «көрісу» салтын мейрамханада болмаса көпшіліктің бас құрауына ыңғайлы басқа да орындарда атап өтіп, жиналып жататынын көріп қалып жүрміз. Әрине, мұны «дұрыс» не «теріс» деп бағалауды мақсат тұтпаймыз, ол өз алдына бөлек тақырып болуға тұрарлық жайт. Алайда, ілгеріректе, үлкендердің өзінен үлкендерге көрісуге арнайылап барғанында балаларын да ерте жүретіні еске түседі. Бұдан бала үлкенді құрметтеуге қанығатын, ағайын-туысты танитын, кімнің үйі қай жерде тұратынын да жаттап өсетін болды. Жұмсаса жүгіріп кететінбіз, амандығын айтып келетінбіз. Ал, қазір ше?.. Бұрынғылар бізден гөрі ақылдырақ болғанға ұқсайды.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521