«АТАМҰРАНЫҢ» ИСАТАЙ АУДАНҒА САПАРЫ ҚОС АУДАННЫҢ МЕРЕЙ ТОЙЫНА АРНАЛДЫ

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Атамұра» халықтық аспаптар оркестрінің «Шаттық елі» атты гастрольдік концерті өтті.

Махамбет ауданындағы «Атамұра» ұлт аспаптар оркестрі 1980 жылы аудандық балалар саз мектебінің «Достық» фольклорлық ансамблінің негізінде құрылған. Одан бері 2009 жылы «Достық» ансамблі «Атамұра» оркестірі болып қайта құрылған. Өткен жылдың жазынан бастап «Атамұра» оркестр «Халықтық» атағын алып, профессор Сәлімгерей Садықовтың жетекшілігімен жұмысы жанданып келеді. Бүгінде 35 адамннан құрылған оркестрдің қоржынында 50-ге жуық қазақтың күйі мен әні, батыс европа классиктері мен қазақ классиктерінің туындылары бар.

Кеш шымылдығы Айтқали Жайымовтың «Шатық елі» күйімен ашылды. Содан соң, Құрманғазының «Төремұрат», «Адай»күйлері, Динаның «Сауыншы» және Сәлімгерей Садықовтың «Қасым хан» күй-уветюрасы және тағы сол сияқты көптеген күйлер орындалды. Одан бөлек жеке орындаудағы әндер де тыңдарманға жол тартты. Әсіресе тыңдарманның рухын көтеріп, тапжылтпай өзіне баураған күй тартысты ерекше атап өтуге болады. Әуезді ән мен тартымды жырға бөлегенген жиылған жұрт, рухани демалып, күйдің құдіретті күшіне бөленді.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Рашид Тасанұлы «Атамұра» ұлт аспаптар оркестрі ұжымына өз алғысын білдірді.

Қайырлы күн құрметті жерлестер, аудан тұрғындары! Баршаңызды Бүгінгі Махамбет ауданының Өнерпаз мәдениет үйінің жанында құрылған «Атамұра» ұлт аспаптар оркестрінің «Шаттық елі» атты гастрольдік кешінде қауышқаныма қуаныштымыз.Бұл гастольдік сапар дауылпаз ақын, батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына, сонымен қатар Махамбет ауданының 95 жылдығына орай өткізілуде. Өз заманында ағалы-інілі болған, қос батыр бабамыздың есімдерімен аталған екі ауданға биыл 95 жыл толып отырғаны баршаңызға мәлім. Олай болса осы батыр бабаларымыздың рухы баршамызды қолдап жүре берсін демекпін. Бүгінгі гастрольдік сапарды бастап келе жатқан Махамбет аудандық мәдениет дене шынықтыру ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асылжан Саматұлына сонымен қатар оркестр жетекшісі профессор Сәлімгерей Садықов пен оркестр ұжымына аудан жұртшылығы мен аудан әкімі Полымбет Хасановтың атынан риясыз ризашылығымызды білдіреміз. Қазақ өнерін дамытудағы шабыттарыңыз сарқылмай, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз,-деген ол аудан әкімі Полымбет Хасановтың атынан Құттықтау  хат пен ықылас гүлін табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521