Атом электр станцияларының құрылысын ерте кезеңде жоспарлап, жүйелі түрде іске асыру — Қазақстанның болашақтағы энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі. Қазіргі таңда еліміздегі энергия тұтыну көлемі жылдан-жылға артып келеді. Индустрия мен өндірістің, урбанизация мен халық санының өсуі энергияға деген сұранысты күрт ұлғайтып отыр. Бұл жағдайда тұрақты әрі қуатты энергия көзі ретінде атом энергетикасының маңызы арта түсуде.
Атом электр станциясы – экологиялық тұрғыдан салыстырмалы түрде таза, ұзақ мерзімді әрі тұрақты қуат көзі. Ол көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, жаңартылатын энергия көздерімен қатар, еліміздің энергетикалық балансын оңтайландырады. Атом энергетикасын дамыту – жасыл экономикаға көшу жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Соңғы уақытта Қытаймен стратегиялық серіктестіктің нығаюы осы бағыттағы жұмыстардың қарқынды дамуына жол ашты. Екі ел арасындағы атом саласына қатысты келісімдер мен тәжірибе алмасу – техникалық, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттырады. Бұл ынтымақтастық Қазақстанға заманауи технологиялар мен қауіпсіздік стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.
Атом станциясын салу тек техникалық мәселе емес, сонымен бірге саяси, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық аспектілерді де ескеруді қажет етеді. Халықпен тиімді ақпараттық жұмыс жүргізу, мамандарды сапалы даярлау, қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау — бұл саланың табысты болуына негіз болады.
Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану арқылы Қазақстан ұзақ мерзімді энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, өңірдегі энергия экспорттаушы жетекші елдердің біріне айнала алады.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

