АТЫҢ БАРДА ЖЕР ТАНЫ...

 

Араб елдері деген ұғым көпшілік санасында «араб әлемі» ретінде орныққан. Бұл әлемге 22 мемлекет кіреді. Оларды біріктіретін негізгі фактор – ортақ тіл, яғни араб тілі. Сондай-ақ тағдыр ортақтығы да маңызды рөл атқарады: араб халықтары бір кездері Араб халифатының құрамында, кейін Осман империясының қарамағында болған. Одан соң Еуропа елдерінің отарлық езгісін бастан кешірді. XIX ғасырдың екінші жартысынан бас-тап Таяу Шығыста тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық қозғалыстар күшейе түсті. Нәтижесінде араб халықтарының көпшілігі отарлық бұғаудан құтылып, егемен мемлекеттер ретінде тарих сахнасында бой көрсетті. Бүгінде бұл елдердің тұрғындарының 90 пайыздан астамы – мұсылмандар. Біріккен Араб Әмірліктері Арабия түбегінің шығысында, Оман және Парсы шығанақтарымен шектесіп орналасқан. Ол Сауд Арабиясы, Қатар және Оман елдерімен шектеседі. Астанасы – Абу-Даби. «Абу-Даби» атауы «қарақұйрықтардың әкесі» деген мағынаны білдіреді. Ал «Дубай» сөзі көбелектен шыққан шегірткенің отаны деген ұғымды меңзейді.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен арман болу керек адамда,-деп ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, әр адамда бір арман, мақсат болуы керек. Мен өзім «Қазақ елінің барлық қалаларын көріп қана қоймай, бір-ақ рет берілетін өмірде шетелге де шығып көру керек» деп ойлайтынмын. Ақыры, Дубайға барудың сәті түсті.

Қазір Дубай – алып қаржы орталығы, көкпен таласқан зәулім ғимараттары көз сүріндіреді. Дубайдың көрінісі ақша бірлігі – дирхамда да бейнеленген. «Ел басшысы – Шейх Халифа бин Зайд ән-Нахаян. Шейхтың өз халқына деген құрметі мен ілтипаты зор. Оның ұстанған саясаты қатал әрі әділ болуы тиіс. Дегенмен, әр іс өз орнында болғаны дұрыс. Ел билеушіге дос пен дұшпанның аражігін айыра білу үшін салиқалы ой, парасат-пайым қажет. Ал жерді жат жұрттың қолына түсірмеу үшін көрегендік пен мол тәжірибе керек. Егер шаһ ойланбай, асығыс әрі қате шешім шығарса, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Күшті әлсіз, ал әлсіздер құдіретті болып кетеді» Әлішер Науаи осылай түйіндейді.

Осы қаланың дамуы арқасында теңіз жағалауы да гүлдене түсті. Бүгінде бұл жерге жыл сайын миллиондаған турист демалуға келеді. Олар үшін арнайы салынған қонақүйлер архитекторлық әсемдігімен көз тартады. 1922 жылдан бастап бұл өлкеде мұнай өндіріле бастады. Бұл кезең әлемдік нарықта мұнай бағасының шарықтап тұрған уақыты еді. Қолайлы жағдай ел экономикасының тез қарқын алып, дамуына үлкен серпін берді. Мемлекеттік құрылымы – Одақтық сипатта. Оның құрамына жеті әмірлік кіреді. Жергілікті халық ежелден балық аулауды және теңіз түбінен молюскалар арасынан маржан теруді кәсіп еткен. Алайда теңіз жағалауындағы өмір оңай болмаған: акула мен китке толы қауіпті суларда күнкөріс қамымен талай боздақ қаза тапқан. Солардың рухына тағзым ретінде мұнда «Сарқырама панорамасы» жасалған. Оны көргенде көзіңе еріксіз жас келеді. Бұл – өмірдің, еңбектің және қайсарлықтың мәңгілік ескерткіші іспетті. Иә, кейде ұшқан құсты торға түсіретін, аққуды орға түсіретін – тағдырдың өзі емес, адамның тамақ қамы екенін ұғасың.

Сонымен, 11 қаңтар күні Дубайға ұшатын болдық. Қан қысымы, жүрек, қант секілді уайымдар сол сәтте ұмытылып кетті. Ауылдан Алмасжан келіп, әуежайға дейін шығарып салды. Балам ер жетіп, есейіп, шетелге жолдамамен саяхатқа жіберетін күн туар деп кім біліпті?! Атырау әуежайы… Екі ұлым — Алмас пен Мирас және немерем Әлия үшеуі екі көлікпен шығарып салды.  Күндізгі сағат 13:30-да «СКАТ Эйрлайнс» компаниясының ұшағына жайғасып, түс ауа 16:00-де Алматы аспанында біраз қалықтап, аман-есен қондық. Әуежайда ду қол шапалақтау естілді.10 шақырым биіктікте самғағаннан гөрі, жер басып, аман жүрудің өзі бір үлкен бақыт екен-ау…

Алматыға келген соң, жалғызсырап қалдық. Бірақ қандай сезім күйінде болсақ та, Алмас бәрін реттеп отырды. Әу бастан-ақ сабырлы мінезімен, білімділігімен, ел-жұртпен сыйластығымен, биік болмысымен, бойына ізгіліктің барлық үлгісін жинай білген сүйікті балам – Алмас әркез қасымда болды.

Байқағаным, тұрмыс деңгейі біраз жақсарыпты. Шетелге сая-хаттау да кең өріс ала бастаған екен. Аяқ астынан паспортымды жоғалтып алып, абдырап қалдым. Таксидегі сөмкелерді ақтардым, таба алмадым. Таксист те басқа жолаушы күтіп отыр екен, сондықтан көп бөгелуге болмайтын еді. Такси ішінен төңкерілген ақ шляпа көзге түсті. «Қыстың күнінде шляпа неге керек?» деп ойлаған болар. Әрине, асыққанда адам не істемейді десеңші!

Қазір Алматыдамыз. Екі терминал, екі қатар. Жолаушы көп, шетелдік азаматтар да жетерлік. Алматы әуежайы маған жұпынылау көрінді. Әуежайдағы тамақ бағалары да удай қымбат екен. Бүкіл ойымыз – Дубайға баратындарға қосылып, сапарымызды сәтті жалғастыру болды.

Әуежайда 20 шақты әйел жиналып тұр. Үстерінде бірдей көйлек, бастарында бірдей орамал, аяқтарында кроссовка. Өзара мәз болып, біріне-бірі «абысын», «шешей» деп еркелетіп, сәлемдесіп жатты. Олардың қайда бара жатқандарын білгім келіп еді, ашыла қоймады. Дегенмен өзім шамаладым – бағыттары Умра, Сауд Арабиясы болуы керек.Араларынан бір спорттық киім киген, өңі аса ажарлы емес әйел көзге түсті.

–Қайда бет алдыңыз? – деп сұрадым.

– Катарға, – деді салқын ғана, аса әңгімелескісі келмеген сыңай танытып.

–Ал сіз ше? – деп сұрады ол.

–Дубайға! – дедім. Осы сәтте қасыма бір жас жігіт жетіп келіп:

– Зейнеп апай сіз бе? – деп жылы амандасты. Бұл жігіт алдында телефон арқылы хабарласқан еді: «Мен Айболмын»,-деген. Сол кезде Катарға бармақшы болған әйел де орнынан тұрып, жымиып кетіп бара жатты.

Әлгі Айбол деген жігітке Алмас:

– «Апам мен әкем кетіп бара жатыр», – деп айтып қойған екен, сол үшін ол бізді әуежайда іздеп тауып, біраз қамқорлығын аямады.

Ұшу залына өткен соң тағы бір жас жігіт келіп:

–       Қазір бәріміз 16:55-те ұшамыз, – деді. Бұл жігіт – алматылық, 2004 жылы туған Айнат екен.

Бәрі өзіміздің Алмасымның таныстары шығар деп ойлап едім, сөйтсем Айбол – тараздық, Айнат алматылық болып шықты. Ал біздің топты бастап келе жатқан – қызылордалық Айдана есімді қыз екен. Тәрбиелі, сыпайы бала екен.

– Ата, әже, сіздерді қамқорлыққа алыңыздар деп Айдана арнайы тапсырды.

Бүкіл әуежайды жасыл чемодан мен таңқурай түсті сөмкені іздеп шарлап жүрміз. Ал алматылық Әйгерім мен Мадияр болса:

–Сіздер рахаттанып, кофе ішіп отырсыздар ғой!-деп күліп қояды. Дубайға ұшатындар түгел 2-терминалда жиналдық. Бізбен бірге қызылордалық Әбілбек пен оның әйелі Сәуле, баласы мен келіні — Жанар мен Әділбек те бар екен. Сондай-ақ астаналық Ардақ есімді әйел де қосылды. Ол 47 жаста екен, қасында баласы Ерасыл бар. Сабақты уақытша тоқтатып, қыдырып жүрген көрінеді.Ардақ бізге қарап:

–Ата, әже, қандай әдемісіздер! Мамамды әкелмегеніме өкіндім ғой,-деп сүйсініп айтты.

Көптен күткен ұшағымыз – «Боинг» 2277 рейсі таңғы сағат 8-дер шамасында Дубайға қонды. Ұшақтан түсе салысымен үлкен автобус келіп, барлығымызды әуежай ғимаратына алып барды.

Ауа райы күнге күйдіріп тұрған жоқ, салқындау екен.

Мэлс Елеусізов «Әуежай деп Дубайдың әуежайын айт!» деп бұрын айтқан еді, шын мәнінде солай екен.

Әуежай ішіне кіргенде көзіміз тоймайды: жалт-жұлт жарқыраған залдар, тұс-тұстан ағылып жатқан туристер: американдықтар, үнділіктер, бангладештіктер, мароккалықтар… Тек орыстар көзге түспеді.

Паспорт тексеру кезінде бір қызық жағдай болды. Араб жігітінің алдына барып, құжаттарымызды ұсынсақ:

«Назад!» дейді. Жақындасақ тағы да «Назад!»деп тоқтатады. Сөйтсек, олардың тәртібі бойынша белгілі бір арақашықтықты сақтау керек екен. Аяғымыздың астындағы жалпақ табан ізі бейнеленген белгіге дәл келіп тұруымыз қажет болып шықты. Артынан өзіміз де күліп алдық. Автобус әуежайдың ішіне кіріп-шығып, барлық тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Әрқайсымыздың атымызды атап шақырып, автобусқа мінгізіп, қонақ үйге жеткізді. Қонақ үйіміздің аты — «Signature». Айтса айтқандай, атына заты сай екен. Қонақ үйге келген соң жуынып-шайынып, тамақтандық. Түстен кейін бізді дүние жүзіндегі ең биік ғимарат — «Бурдж-Халифаға» алып барды. Ғимараттың биіктігі — 828 метр, 163 қатардан тұрады. Араб әлемінің, жалпы адамзат өркениетінің таңғажайып символы десек артық емес. Ғимараттың айналасында өзен ағып жатыр, қайықпен серуендеп жүрген туристер көп. Әсем музыкамен бірге «билейтін» субұрқаққа жан бітіргендей, ғажайып көрініс сыйлады.

Жоғарыда айтып өткен «Сарқырама» — ерекше әсер қалдырды. Күнкөріс үшін өмірлерін тәуекелге тіккен боздақтардың құрметіне тұрғызылған бұл композицияда әр тұстан суға батып бара жатқан жас балалардың бейнесі қылтияды. Жан дүниеңді шымырлататын аянышты көрініс. Ғимараттың ішінде әлемдегі ең үлкен аквариум орналасқан. Мұнда минут сайын туристер легі үзілмейді. Көпшілігі жеңіл сүйретпе аяқ киіммен жүр. Кешкі тамақтан кейін автобусымыз бізді қайта қонақ үйге жеткізді. Қонақ үйге келе сала бірден шаршап құладық.

Күн тамаша әсерлерге толы өтті.

Жақында бір бағдарламада Ақтауда алып құрылысқа инвестиция құйылатындығы туралы естідік. Бұл өте жағымды жаңалық болды! Кеңес үкіметі кезінде елге ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармай қойғаны белгілі емес пе? Бірақ қазір жағдай басқа, бақыт құсы қонып, еліміз өркендеп, еңбекқор халқымыздың тұрмысы жақсарып келеді. Кешегі көшпелі халықтың ұрпағы бүгінгі таңда ел аралап, саяхаттай біледі. Дубайда ерекше көрініс бар. Мұнда бір көде немесе жусан болсын, алып ағаш болсын, бәрін жарық шамдармен немесе гирляндалармен безендіріп қояды, жаңа жылдағы шырша сияқты. Қуаң құмды дала бір сәтте гүлзарға айналып, әсем бір мекенге айналған. Дубайдан Абу-Дабиге дейінгі 170 шақырымдық аумақты гүлдер мен талдар көмкерген. Барлық жерде гүлдер мен гүлзарлар, көңіл құлазитын ештеңе жоқ. Бәрі жарасымды, байтақ әрі бай ел. Дүниежүзілік жәрмеңкеге барып, әртүрлі елдердің бұйымдарын көрдік. Кремльдің макеті көзге бірден түсті. Ресей, Иран, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш және басқа да алпауыт мемлекеттердің бұйымдары өте әсем әрі әсерлі. Көрер көзге тағдырлы нәрсе! Үшінші күні шейхтің алтын сарайын тамашаладық. Ол жерде бірнеше фото түсірдік. Келесі күні Сафари жасауға шықтық. Құм жайлаған, құм тауларына сапар шектік. 7-8 джип көлігі мен мотоциклдермен саяхаттадық. Құмның үстімен сырғанап келе жатқандай болдық — бір шығып, бір батып. Қаңтар айы болса да, құмда жалаң аяқ жүрдік, бірақ ауа салқындау. Содан кейін дүние жүзінің әр түкпірінен келген 600-ден астам туристі қонақ етіп, үлкен той жасалды. От шашып, шығыс биі биленді, түрлі көңіл көтеретін музыка ойнады. Көбі жастар далада билеп, көңіл көтерді. Бұл ерекше кештің әсері мен үшін ұмытылмас болды.

Абайдың мына бір сөзі еске түседі:

Бұл дүниеде қызықтың бәрі махаббатпен,

Үлгілі, жақсы атақпен көрге кірсең.

Артыңда жақсы сөзбен ісің қалса,

Өлсең де өлмегенге, боласың тең.

Дүниежүзілік жәрмеңке ұйымдастырылды. Барған бойда күтпеген жағдай болды. Біздің 25 туристік топтың мүшесі түскен бойда бір жігіт — араб па, өзбек па, әйтеуір, футболка киіп тұрмыз ғой. Күн салқындау, қаңтар айы ғой, сол себепті бізге ақ курткасын алып келіп, кигізді. Біз таңғалдық, аэропорттағы екі әйелдің қылығын есіме алдым. Бірін жоғарыда айттым, екіншісі де соған ұқсас. Көп болса, алматылық болар. Көзі, өзі сап-сары, жуан әйел. Қасында қызы мен күйеуі не біреулер оны шығарып салды. Аяғы қысқа, жуан балтыр, оған қысқа шалбар киген, аяғына шолақ етігін кигізді. Жуандықтан еңкеюі мүмкін емес сияқты. Ұшаққа отырмағандай болды, бірақ сұрамадым. Сұрасам да айтпас еді. Ертеңіне қонақ үйде асханада жалғыз отырып, бал жалап отырды. Кешегі менмендіктің бірі жоқ, біз оған мүсіркей қарап, қасынан өтіп кеттік.

Бізді жақын танитын  алматылық Айбол деген жігіт ұқыптылықтың ерен үлгісін көрсетті. Жалпы, мен қай кезде де адамдардың жақсылығын көріп келемін. Мен ешқашан қиындыққа тап болған емеспін.

Адам мінезінің әрқилы болатыны рас, жастардың жақсы қылығын әрқашан еске аламын. Жалпы мен жолға шықсам, жақсы адамдармен кездесуіме сенімдімін. Дубайда гүлзар бағы менің ерекше назарымды аударды. Гүлдер, шыршалар керемет болды. Шіркін-ай, тірлік деген қандай тамаша! Осы ғажайыпты көру – үлкен бақыт. Біз гүлзарда серуендеп, оны қалай өсіргеніне таң қалдық. Түбі су шықпайтын жерде әртүрлі гүлдер өсірілгеніне таңғалмасқа болмады. Парсы шығанағы жағалауында теңізге шомылу өте керемет болды. 16 қаңтарда Үнді мұхитынан келетін суға түстік. Атыраулықтар үшін бұл үлкен мүмкіндік болды, бірақ су өте ащы еді деп жатты. Абу-Дабидегі Ақ мешітті көру – таңғаларлық ғажайып. Шейх Зайд атындағы бұл мешіт теңдесі жоқ, дүние жүзіндегі 6 ақ мешіттің бірі, тіпті бірегейі. Мешітте әдемі жазулар, жасыл аллеялар мен көлдер бар. Үлкен алаңдар мен салмақты кілемдер таңғалдырды. Шейхтың алтын сарайы – бұл шын мәнінде сән мен байлықтың символы. Бізге үлкен қуаныш сыйлаған бұл сая-хатымыз ұмытылмас болды.

Дубай-Молл – үлкен сауда орталығы, барлық әлемдік тауарларды табуға болады. Үндістан, Қытай, Тайланд, Иран, Пәкістан – барлығы қолжетімді. Сауда жасағаннан кейін, біз автобустармен аэропортқа қайттық. Айдана мен Гуля бізді күтіп тұрды, оларды көріп, қоштасып, елімізге оралдық. Сапарымызда біз көптеген жақсы адамдармен кездестік. Өміріміздегі осы сапар естен кетпес керемет оқиғаға толы болды. Қош, даңқты да думанды,дүбірлі Дубай!

Қолжетімді әрі сапалы тур жетекшілерін танып, қаражатын төлейтін ұлың болса, туризм дамымаған сала болғанмен, өзге елдерді аралау, қызықтау, сүйсіну бұл да бір бақыт, бақытымыз ұлғая берсін.

Шет жердің аты шет екен,

Алтын төгіп жатса да,

Шет елдің аты шет екен

Қанша жақын тартса да

Сен деп кешіп от-жалын,

Күйермін мен, күй десе

Қадіріңді, Отаным,

Білгендеймін мың есе!

Атың барда жер таны, желіп жүріп,

Асың барда ел таны, беріп жүріп,-дегендей біздің саяхат осылай сәтті аяқталды.

Ұшақ елімізге бет алған кезде, көңілде қимастық сезімі де болды, бірақ осы сапар арқылы тағы да өмірдің әдемілігін сезіндік. Абай айтқандай, біз өзімізді бұл дүниеде тек жақсылықтармен толықтырғандай болдық.

 

Зейнеп АМАНДОСОВА,

Аққыстау ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT