«Атырау-2» волейбол командасы Қазақстан чемпионы атанды

Тараз қаласында волейболдан 23 жасқа дейінгі ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған спорттық додада «Атырау-2» волейбол командасы Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоғарғы лиганың чемпионы атағын 8 команда сарапқа салды. 5 тур ойындарының қорытындысы бойынша «Атырау-2» волейбол командасы алтын медальге ие болды. Юрий Лабецкий бастаған облыс спортшылары 35 ойынның 30-да жеңіске жетті.

Тур қорытындысы бойынша Нұрасыл Жамбылов «үздік ойыншы» атанды.Айта кетейік, 2021 жылы «Атырау-2» волейбол командасы жоғары лигада ел чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Бұл атыраулық команданың жоғарғы лигадағы алғашқы алтын жүлдесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521