Астана қаласындағы «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы жөніндегі аймақтық жол картасы жобасын қорғау бойынша отырыс өтті.
Аталған отырыста «AMANAT» партиясының және Атырау облысы әкімдігінің алдағы бес жылдыққа бағытталған жоспарлары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы талқыланды.
Басқосуда Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев Атырау өңірі бойынша 2023-2027 жылдарга арналган сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі аймақтық жол картасының алдағы жоспарлары жайында баяндама жасады.
Жалпы, Атырау облысының аймақтық жол картасында алдағы бес жыл уақыт көлемінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған 92 іс-шара қамтылған.
Атап айтқанда, апатты және үшауысымды мектептер, мектепке дейінгі оқумен қамту, облыстағы жолдардың сапасын жақсарту, өңірдегі ауылдық елді мекендерді ауыз су, газбен қамтамасыз ету және т.б мәселелерді шешу жоспарланған болатын.
Әділбек СЫРЫМОВ