Атырау облысы әкімі «Сәбилер үйіне» сыйлаған ойыншықтар мекемеде

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, мерекелік шарадан кейін бүлдіршіндердің ойыншықтарын тартып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде, 1 маусым күні «Сәбилер үйінің» тәрбиеленушілеріне Атырау облысының әкімі сыйлаған ойыншықтарын Мамандандырылған мекеме тәрбиешілері тартып алғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Сол мекеменің бас дәрігері Раиса Баймұханованың айтуынша, барлық ойыншықтар мен әдістемелік құралдар сәбилер үйінің қолданысына арналған. Қазір бұл жерде 23 сәби тәрбиеленуде және де күндізгі стационарда ем қабылдайтын бүлдіршіндер бар. Ойыншықтар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, педагог-дефектологтардың бақылауымен пайдалануға берілген.

- Қазіргі уақытта балаларға берілген ойыншықтар мекемеде тұр. Осы жерде тәрбиеленетін балалар мен станционарлық ем алушы бүлдіршіндер мекеме ішінде ғана пайдаланады. Қазір ойнап отыр. Өз кезегімде, облыс әкімдігіне бізге көрсеткен лебіздері мен тәрбиеленушілерге сыйлаған көңіл-күй үшін алғысымды білдіремін, – деді Раиса Баймұханова.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика