Атырау облысы әкімінің Исатай ауданына сапары басталды

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына келді. 

Әуелі ауданның кіреберіс қақпасы саналатын Х.Ерғалиев ауылында болып, құрылысы жүріп жатқан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен танысты. Одан соң Новобогат балалар саз мектебінде болды.

smeta-min

Тұщықұдық ауылына да арнайы соғып, ауылдық округ әкімдігінің жұмысымен танысқан соң Жамбыл атындағы бастауыш мектепті жай-күйімен танысты.

mectep3-min

Жалпы, бір күндік сапар барысында облыс әкімі ауданда құрылысы жүріп жатқан жол, кәріз жүйелері құрылыстарымен қатар көпқабатты үй құрылысы нысандарымен танысады деген жоспар бар.

Аслан МҰРАТОВ

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT