Атырау облысында 7 миллион​ көшет отырғызылады

Облыстағы орман қорлары жеріне көшеттер ​ 2021-2025 жылдар аралығында отырғызылады. ​

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Ауаның ластануы, жасыл желектердің жұтаңдығы - жиі көтерілетін мәселелер. Көгалдандыру бойынша, қала, аудан аумағынан жалпы көлемі 5 мың гектардан астам учаскелердің тізбесі жасалды. Оларға тал отырғызу жұмыстарына «NСОС», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және басқа да компанияларды тарту көзделуде» деп атап өтті ​ Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Және ​ биыл​ «Тухлая балка» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары​ басталады. «Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Осы ретте, кәсіпорындардың атмосфералық ауаға тастаған ластаушы заттар шығарындыларының 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға, яғни 9 пайызға азайғанын атап өткеніміз жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521