Атырау облысында тәуелсіздік жылдары 2000 шақырымнан астам жол салынды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Тәуелсіздік жылдары облыста 2 000 шақырымнан астам автомобиль жолдары салынды және жөнделді. Дәлірек айтқанда: жол құрылысы - 311 км, қайта жаңарту – 719 км, күрделі жөндеу – 1192 км. 2025 жылға қарай 640 км жолды қайта жаңарту және жөндеу нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95% - ға дейін артады, - деді өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 18 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг беруде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521