18.09.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:
1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 9 қазандық агрегаты, 8 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 5 қазандық, 2 турбина агрегаттары бар; 1 турбина агрегаты жөндеуде). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 213МВт. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 4547тонна). Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2122800м3.
2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты, 3 турбина агрегаты жұмыс істейді (1 қазандық, 1 турбина агрегаты қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 21МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).
3. «Қашаған» электрстанциясында 4 турбина агрегаты жұмыс істейді. (3 турбина агрегаты резервте, 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 100МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 899000 м3.
4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. №6,3 турбина агрегаты жөндеуде тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 192МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы Ж.М.Айтказиев