Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 19 тамызға ақпарат

19.08.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 8 қазандық агрегаты, 9 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 5 қазандық, 2 турбина агрегаттары бар; 1 қазандық агрегаты жоспарлы жөндеуде). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 200 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2260700 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты, 3 турбина агрегаты жұмыс істейді (1 қазандық, 1 турбина агрегаттары қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 19 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (1 турбина агрегаты резервте, 2 турбина агрегаттары жоспарлы жөндеуде тұр). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 132 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 833741 м3.

4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. №6,5 турбина агрегаты жөндеуде тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 189 МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT