Жылыой ауданында төтенше жағдай енгізілді. Серік Шәпкенов Құлсары қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің жағдайымен танысып, кейін жедел штаб отырысын өткізді.
Штабқа келесідей тапсырма берілді:
- Техника санын көбейту;
- Әр уческеде кезекшілік ұйымдастыру;
- Бөгет салу жұмыстарын күшейту;
- Су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылғандарды жанар-жағармаймен, қажетті құрал-жабдықпен және тамақпен қамту.