Атырау облысының мұғалімдері үшін National Geographic журналының ресурстарын пайдалануды үйрететін семинар-тренингтер

Қазанның 26-сы және 27-сі күні Атырау қаласында және Атырау облысының Махамбет ауданында география, биология, жаратылыстану пәні мұғалімдері мен орта мектеп оқушылары үшін арнаулы семинар-трингтер өтеді.

Семинарлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Оқуға құштар мектеп» мемлекеттік жобасы аясында өскелең ұрпақтың бойында ғылымға деген қызығушылықты арттыру және «Каспий құбыр консорциумы» АҚ (КТК-К) мен «KAZMEDIA HOLDING» компаниясының бірлескенқайырымдылық мақсаттағы «Қызықты ғылым» атты ағартушылық жобасын жүзеге асыру үшін ұйымдастырылып отыр.

«Қызықты ғылым» жобасы оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған. Семинарлар барысында мұғалімдерге әлемдік сападағы ғылыми ресурстар мен контенттерді, соның ішінде 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістерітаныстырылады.

Жоба екі мақсатты көздейді. Біріншісі – қоғамда ғылымға деген қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру. Соған орай, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арнайы тақырыптық семинарлар өткізіледі. Тренерлер семинарда әлемдік ғылыми-ресурстарды сабақ барысында қалай қолдануға, оқушыларды қалай қызықтыруға болатынын, осы ресурстарды ғылыми жобаларға қалай дұрыс пайдалану керектігін жан-жақты түсіндіреді.

Жобаның екінші мақсаты – әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі қолжетімділігін кеңейту. Бұл ретте КТК 2018 жылдан бері облыстың барлық мектеп кітапханаларының National Geographic журналына жылдық тегін жазылымын қамтамасыз етіп отыр.

Өтетін орны мен басталу уақыты:

Атырау қаласы – 26 қазан,  Х.Доспанова атындағы орта мектеп, Амангелді атындағы орта мектеп, М.Өтемісұлы атындағы орта мектеп, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп,  Жамбыл атындағы орта мектеп.

Махамбет ауданы – 26 қазан, Жалғансай орта мектебі.

Өтетін уақыты: сағат 10.00-14.00, сағат 16.00-18.00

Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика