Атырау облысының Жанбай ауылында спорт кешені ашылды

Исатай ауданының Жанбай ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі пайдалануға берілді.

Спорт нысанының ашылуына Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Нариман Таушов қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Нариман Таушов ауыл спортын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

- Елімізді әлемге танытып жүрген чемпиондарымыз ауылдық елді мекендерден көптеп шығуда. Жанбай ауылынан да болашақта  әлем, олимпиада чемпиондары шығады деген сенімдеміз, - деді облыс әкімінің міндетін атқарушы Нариман Таушов.

a

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген екі қабаттан тұратын спорттық нысан толықтай қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Спорт кешенінде бір мезгілде 300-ге жуық жасөспірім бокс, волейбол, баскетбол, каратэ, таеквандо, қазақ күресі сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сонымен бірге, адамның ойлау қабілетін дамытатын тоғызқұмалақ ойыны үшін де жағдай жасалған.

m

«Жалынды Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысын жүргізген нысан ауласында ойын алаңы бар.

Еске сала кетелік, спорт кешенінің ашылу салтанатына Исатай ауданының зиялы қауым өкілдері, ардагер спортшылар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521