«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары жыл басынан бері 74 нысанға 903 рет тексеріске шықты. Оның 34-і жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау кезіндегі тексерулер. Жолдардан анықталған 335 ақаудың 70-і өрескел. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ Сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Нұрлан Жантурин айтты.
Анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен күтіп ұстайтын «Қазақавтожол» ЖШС-не ұсыным хат жолданған. Нәтижесінде 67 кемшілік жойылған. Мәселен, «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының кейбір бөліктерінде отырған жол жиегі тегістелген. Сонымен қатар, Қарабатан елді мекені, Мақат кенті және Құрманғазы ауданы аумағындағы республикалық жолда асфальт бетіне түскен сызаттар жойылған. Дәл осындай сызаттар «Құлсары-Доссор» аралығында және «Атырау-Орал» тас жолының Индер ауданы тұсында да анықталып, қалыпқа келтірілген.
Филиал мамандары жыл басынан бері Атырау облысында салынып жатқан жолдардың құрылысына пайдаланған материалдардан 1614 сынама алды. Оның 235-і ҚР Стандарттарына сәйкес емес.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ баспасөз қызметі
Сурет: ашық дереккөз