Атырауда 11 жастағы баланы басып өлтірген зейнеткерге қандай жаза берілгені белгілі болды

Құлсары қаласында 11 жастағы баланы басып өлтірген зейнеткерді түрмеге қамауға шешім шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Ақ Жайық" порталының мәліметінше, қылмыстық іс Жылыой аудандық сотында қаралған. 73 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Сотта жол апаты болған жердегі бейнежазбалар да көрсетілді. Сараптаманың нәтижесі жарияланды. Соның барлығы зейнеткердің кінәсін растап отыр. Прокурор оны 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал адвокаты заң бойынша үкім шығаруды өтінді.

Судья зейнеткердің жасын, денсаулығын, шын жүректен өкінетінін ескерді. Моральдық шығынды да өтеп берді. Оны екі жарым жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Оған қоса, 3 жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынып отыр.

Айта кетері, 20 қазанда таңғы сағат 8:00-де Құлсары қаласында 5-сынып оқушысы "Көктем" дүкенінің жанында жолды кесіп өтпекші болған. Сол кезде оны Toyota Land Cruiser Prado мінген зейнеткер басып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT