Атырауда «Қайтпай сұлтан» мешіті ашылды


Атырау қаласы, Еркінқала ауылынан 850 орындық мешіт пайдалануға 14 қазанда берілді. Қайтпай Сұлтан деп аталған мешіт жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша салынған. Құрылыс жұмыстары 1 жыл 8 айға созылған мешітте ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары, дәрісханалар бар. Сондай-ақ, мешіт жанынан асхана, имам үйі де пайдалануға берілді.


Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров Атырау облысы бойынша 42-ші болып ашылып отырған ерекше дизайнмен салынған мешіттің іші жамағатқа толы болып, еліміздің игілігіне қызмет етер азаматтардың ортақ үйі болуына тілек білдірді.

Еске сала кетейік, Қайтпай сұлтан атамыз – қазаққа ортақ нар тұлға. Толық ныспысы (аты-жөні) әл-Әшраф Сейіт ад-Дин Қайтпай. 1416 (18) жылы Дешті Қыпшақ топырағында кіндігі кесілді. Қыпшақтың шеркеш руынан шықты.
Қайтпай сұлтан Мысыр мен Шамның (Сирия) мәмлүктерден шыққан он сегізінші сұлтаны (1468-1496 жыл­дар) болған.

 

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521