Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда республикалық маңыздағы Ақтөбе – Атырау және Атырау – Астрахан жолдарын өзара айналма жалғауға мүмкіндік беретін Атырау қаласынан Солтүстік айналма автомобиль жолының құрылысы жобаланып отыр.
«Аталған жолдың ұзындығы 27 шақырымды құрайды. Сондай ақ, Жайық өзені арқылы көпір өткелі, 4 жол айырымы қарастырылған. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары орындалуда. Жоба өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді» деп нақтылады Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Гүлбаршын Арыстанова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.