Атырауда байдарка және каноэда ескек есуден қала чемпионаты басталды

Астана күніне орай ұйымдастырылған спорттық дода екі күнге жалғасады.

Оған 60-тан астам жасөспірім қатысуда. Байдарка чемпионатына 2005-2010 жылы туған ұлдар 1000, 500, 200 м, 2011 жылдан төмен туған ұлдар 200 м, 2007-2010 жылы туған қыздар 500,200 м қашықтықта бақтарын сынайды. 


Ал каноэ бойынша 2008-2010 жылы туған және одан кіші ұлдар, 2008 жылы туған және одан кіші қыздар 500,200 м қашықтықта жарысуда.   Айта кетейік, чемпионат облыстық есу спорты федерациясының, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521