Атырауда Binom мектептеріне бірінші күні қабылданған өтініштердің тек 40% мақұлданды

20 шілдеде Атырау қаласында BINOM мектептерінің бастауыш сыныптарына (1-4) өтініштер қабылданды.

Әрқайсысына 1900 өтініш қабылданды, барлық өтініштің талапқа сәйкестігі тексеріліп, тек 40 пайызы ғана мақұлданды. Құжат қабылдаудан бас тартудың негізгі себебі – өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша тіркеуінің сәйкес келмеуі және өтініштердің дұрыс толтырылмауы. Тексеруден кейін 1000-нан астам бос орын ашылды. Қосымша өтініштер 21 шілде күні сағат 9.00-де қабылданады. 1900 бос орын 21 шілдеде толмаса, 24 шілдеде тағы да қосымша қабылдау жүргізіледі. Осыған байланысты білім беру басқармасы ата-аналарға ертең де мүмкіндікті қалт жібермеуге шақырады.

  «Құрметті ата-аналар, егер сіз бүгін (20 шілде) құжат тапсыра алмасаңыз, 21 шілде күні сағат 9-да қайта тапсыра аласыз. Егер бос орындар болса, 24 шілдеде тапсыра аласыз», – делінген хабарламада.   BINOM мектептеріне қабылдау 20, 21 және 24 шілде – 1-4 сыныптар; 2-4 тамыз – 5-9 сыныптар; 14-15 тамыз – 10, 11 сыныптарға құжат қабылданады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521